Дубайда 2 миллиард долларлық ғимарат салынады

Дубайда 2 миллиард долларлық ғимарат салынады
Фото: thedubaimall.com

Дубайдағы Бурдж Халифа (Burj Khalifa), Бурдж Әл-Араб (Burj Al Arab), Cayan Tower сынды аспанмен таласқан ғимараттар жақында ешкімге қызық болмай қалады. Себебі шейхтер жаңа "Дубай-сквер" жобасына 2 миллиард доллар жұмсамақшы.

Дубай-крик-Харбор ауданындағы жаңа мега сауда орталығы 8 миллион шаршы фут аумағымен мақтана алады. Ол Dubai Mall-дан екі есе үлкен болады.

Бірінші қабатта танымал адамдармен кездесу, концерт пен театр қойылымдары сахналанып, барлық іс-шаралар 3D кескінімен безендіріледі. Бұл жерде сонымен бірге кинотеатр, аквапарк, спорт алаңдары, супермаркеттер орналасады.

Сарапшылар жаңа сауда орталығының болашағы зор деп есептейді. Себебі БАӘ астанасында 2020 жылы халықаралық EXPO-2020 көрмесі болады.

Т. Раушанұлы