Қыстың символы

Қар түсіп, қаламыздың ақ қарға оранғаны аққаланың 1 жыл уақыттан кейін қайта оралғанын білдіретіндей. Ойын балаларының қыс түскеннен кейінгі ең қызықты, ең негізгі ермегі аққала жасау. Осы бір мүсіннің қыс мезгілінің символына айналуына не себеп болды? Аққаланың құпияларын ақтарып көрелік.

«Аққала» деген ұғым ең алғаш рет ХV ғасырдың аяғында, шамамен 1493 жылы енді. Итальяндық мүсінші Микеланджело Буонарроти жаңа жауған қардан қарапайым мүсін жасап шығарды. Ол мүсінді жасау оңай әрі тез болғандықтан, ойын балалары осы бейнені жұмсақ қардан жасауды бірден үйреніп кетті. Осылайша, аққаланың ең алғашқы бейнесі Еуропада жарыққа шықты. Ал, ол туралы деректер XVIII ғасырдағы Еуропа жазушыларының кей шығармаларында да қысқаша жазылған.

1999 жылы «Әлемдегі ең биік аққала» деген рекордтық көрсеткішпен АҚШ-тың Бетель қаласында жасалған 35 метрлік аққала тіркелді. Ол сол уақыттатағы штат губернаторы Ангус Кингтің құрметіне Ангус деп аталды. Ангус сол жылы маусым айына дейін ерімей, өз пішінін сақтапты.

Ал, 2008 жылы дәс осы қалада аққаланың биіктігі бойынша рекорд жаңарды. «Olimpia Snow Woman» деп аталған аққаланың биіктігі – 37 метр. Оны жасау үшін 2 апта уақыт, 6 тонна қар кеткен.

Көптеген елде дәстүрлі наным-сенімдерге байланысты аққаланы «періште» деп есептейді. Өйткені, оны жасау үшін қолданылатын қар аспаннан жауады. Ал, періштелер сол аспанда жүреді деген сенімнің негізімен әр қыс сайын аққала жасап, оған сыбырлап тілектерін айтады екен. Аққала еріген кезде сол тілек түбегейлі орындалады деп сенім білдіреді.