Юпитер – Күн жүйесіндегі ең көне ғаламшар

Ғарыш ғылымы жаңалықпен толықты.

Калифорния штатының Ливермор ұлттық зертханасы мен Мюнстер университетінің бір топ ғалымы Юпитер ғаламшарының ядросы Күн жүйесі пайда болғаннан миллион жыл өткен кездің өзінде-ақ Жер шарының көлемінен 20 есе үлкен болған деген шешімге келді. Ғарыштық ауқымдағы миллион жыл дегеніміз бір-ақ сәтпен пара-пар. Ғаламшардың қалыптасуына кететін уақытты ескеретін болсақ, Юпитердің алғашқы сәттерден бастап үлкен көлемде болуы оның жасының ұзақтығын білдіреді.

Яғни, соңғы жаңалыққа сай Юпитер енді тек ең ірі ғаламшар ғана емес, сондай-ақ, ең көне ғаламшар болып шықты.