Үйдің ішіне сыятын ғаламшар

Астрофизика мамандығын меңгеріп жүрген Мария есімді бойжеткен өзінің өнертапқыштығымен қазірдің өзінде-ақ көпшілікке таныла бастады. Ол әйнек құтылардың сыртына кеңістікте орналасқан ғаламшардың суреттерін салып үйді безендіруге арналған жарық шамдарды ойлап шығарған. Оның айтуынша, бұл кез келген адамның қолынан келетін іс болғанымен де оны ойлап табу креативке жатады.

Болашақ физик маманы жасаған туындылар бүгінгі таңда үлкен сұранысқа ие. Үйдің ішін немесе бақты әсемдеуге арналған дизайнерлік жұмыс көптің көңілінен шығып, оны сатып алушылар саны да арта түскен екен. Сонымен Марияның жасаған туындысын тамашалаңыздар.