Өмірінде қар көрмеген пілдің әрекетін қараңыз

Американың Орегон штатында орналасқан Портленд зообағында таңғажайып жағдай орын алды. Азияның ең жылы мекенінде туылған піл сегіз жылға жуық қардың не екенін білмей келген. Алайда өзге материкке қоныс аударған жануар көп уақыт өтпестен тағы бір мезгілмен танысты. 

Зообақ мамандары алғашында пілдің жағдайы үшін алаңдағандарын айтып отыр. Кейіннен жылы жерден сыртқа шыққан жануардың асыр салып ойнағанын көргенде барлығының жақсы екенін түсінген. Сонымен алғаш рет аппақ қармен кездескен пілдің әрекеті бар видеоны тамашалаңыздар.