Қызыққа толы сырлы әлем

Қызыққа толы сырлы әлем
Фото: Обои для рабочего стола

Алып жемістер

Үйреншікті ұғымымызда жерден өсетін көкөніс-жеміс біткеннің ең үлкені деп қауын-қарбызды ойлаймыз. Негізінде салмағы мен көлемі жағынан үлкен жеміс – Сейшель аралында өсетін пальманың жаңғағы екен. Оның диаметрі жарты метрге жетіп, 25 кг-ға дейін салмақ қосады. Бір пальма осындай отыз жемістен бере алады. Олардың қабығы өте қатты болады және баяу жетіледі. Гүлденгеннен кейін төртінші жылы ғана көлемі өсіп, пісуіне тағы екі жыл керек екен. Нанағаш боп аталатын ағаштың жемісі сол ағаштың тура діңгегіне бітеді. Оның 40 кг-ға жететін салмағын ешбір бұта көтеріп тұра алмас еді. Олар көлемі жағынан да Сейшель жаңғағынан ірі. Ұзындығы 90 см, ені 50 см-ге жуық. Нанаағашының жемісінен жергілікті тұрғындар қамыр илеп нан пісіреді.
Дегенмен, ең ірі жемістер ағаш басында емес жерде өседі деген пікір дұрыс. Көкөністің ішіндегі ең ірісі – асқабақ. 1970-жылы Англияда салмағы центнерге жуық 92 кг 750 гр. Асқабақ өсіріліп, көрмеде көрсетіліпті.

Көп сүт беретін ағаш

Бразилияда сүт беретін ағаш бар, ол Амазонка өзенінің жағасында өседі. Жергілікті халық оны «сорвейра» деп атайды, қазақшаға аударғанда «емшек» дегенді білдіреді екен. Сол сорвейра ағашының бір жерін кертіп қалса, одан сүт тәрізді ақ шырын саулап қоя береді. Өзі сүттен сәл қышқылдау. Сондықтан, оны алғаш тағам ретінде пайдалана қоймаған. Кейіннен ботаниктер зерттеп, оның сиыр сүтінен ешбір кем еместігін анықтаған. Халықтың айтуынша, ақ шырынға аздап су қосып пісірсе, сүттен дәмі айнымай қалады екен. Ағашты бір сауғанда 2-4 литрге дейін сүт алуға болады екен.

Ең ұзақ есім

Бұл дүниеде есімнің ұзындығы жөнінен үнділік Брахматмамен таласа қояр пенде табыла қояр ма екен. Оның атының ұзындығы сондай, есте сақтау мүмкін емес. Есімді айту үшін кемінде 10 минут керек. Ол 1478 әріптен тұрады, иесі өзіне өзі қойып алған ат тарихи орындардың, атақты адамдардың, тағы басқа нәрселердің атауларынан біріктіріліп құрастырылған екен. Брахматманың бұрынғы аты да тілге оңай емес екен: Хумананоджасваматашетаргандас.

Адамның асқазанынан шыққан заттар

Асқазаннан шыққан әр түрлі заттардың көптігі жөнінен әлемдік рекорд 1960 жылы АҚШ-та жасалған көрінеді. Сол жолы бір емделушінің асқазанынан 258 ұсақ-түйек затттар шығыпты, соның ішінде: 88 монет, тырнақ қырнайтын 39 егеу, 26 кілт және үш таспиыққа жетерлік ұсақ моншақтар шыққан екен.

Алып ара

Индонезияның қалың ормандарында алып ара тұқымы табылды. Америкалық бір газеттің жазуына қарағанда, араның ұзындығы 5 см. Бір қызығы ол термиттермен бейбіт қатар өмір сүретін көрінеді.

karaul-gimnazia.ucoz.com

@. @assel_assanova