Әлемдегі ең ерекше 7 елді мекен

Әлемдегі ең ерекше 7 елді мекен
Фото: TripHints.ru

Әлемде талай қызық бар. Бірақ кей қызықтардың ерекшелігі сонда, сізді таң қалдырып қана қоймай, ойландырып тастауы мүмкін. 
Әлемде сіздің келгеніңізді және сол жерде жұмыс істеп жетістікке жеткеніңізді күтетін әрі оған ақша төлейтін елді мекендер бар. Сенесіз бе?! 

Понга, Астурия, Испания 
Аталған елді мекенге көшіп келсеңіз болды. Жас отбасы болсаңыз тіпті жақсы. Жұмыс істеу міндетті емес. Тек жергілікті тұрғын ретінде, жас отбасы ретінде тіркеліп қоныстансаңыз, билік сізге 3 мың еуро бөледі. Бұл ғана емес, әрбір жаңадан туған сәбиіңіз үшін де осы соманы қайталап төлеуге бар.

Кертис, Небраска, АҚШ 
Осынау мекеннің дамуына қосар үлесіңіз болса, сол жаққа барыңыз. Сізге үй салуға көмек ретінде жерді тегін береді.  

Детройт. Мичиган. АҚШ
ХХ ғасырдың соңына қарай «Батыс Париж», «АҚШ-тың көлік астанасы» деген атау алып кеткен Детройт қаласы бүгінде тағы бір ерекшелігімен көзге түсіп отыр. Қала өзінің бұрынғы беделін қалпына келтіру мақсатында түрлі бағдарламалар қарастырып, білікті мамандарды қалаға тартуды көздейді. Тек көздеп қана қоймай, әрбір келуші маманға 2,5 мың доллар көлемінде сыйақы да дайындап қойған.

Ниагара сарқырамасы, Нью-Йорк штаты, АҚШ 
Тағы бір керемет көз тартарлық жерде екі жыл жұмыс істеуге мүмкіндік бар. Бұл мүмкіндік тек жастар үшін және енді маман атанған студенттер үшін таптырмас сәт. Жергілікті билік сіз үшін 7 мың доллар бөлуге дайын.

Алясқа штаты, АҚШ 
Қысымен аппақ қарымен көз тартатын Аляска сізді өз мекенінде асыға күтеді. Ақ көрпеге оранған елді мекенде арнайы құрылған қор бар. Ол қордың міндеті сізге ақша төлеу. Ол үшін сіз Аляскада біраз уақыт қызмет істеуіңіз керек. Ал жұмыс істеу ұзақтығы бір жыл. Бірақ білікті болуыңыз керек екенін де ескертеміз. 

Саскачеван провинциясы, Канада 
Болашақ мамандар үшін жан-жақты көмек көрсетуге дайын бұл жерде сіз 7 жылға қызмет етуге дайын болсаңыз, қалтаңызда 20 мың доллар бар деп есептей беріңіз. Өйткені Саскачеванның гүлденуі үшін жастарды қолдау бірінші орында қаралады. 

Утрехт, Нидерланды 
Голландия елі әлемге әлеуметтік сараптама жасаудан алдыңғы қатардағы мемлекет. Олай дейтін себебіміз халықтың қызығушылығын тудыру үшін жергілікті билік түрлі қызықты әрекеттерге барады. Соның бірі елдің көңілін көтеру мақсатында тәжірибе үшін жыл сайын адам басына 1 мың доллар көлемінде қаржы ұсынады. Оған қалай қарайсыз? 

М. Ақан