Қос жанарым құпияға толы екен...

Қос жанарым құпияға толы екен...
Фото: pinterest.com

Көз туралы сіз білмейтін қызықты деректерге назар салыңыз, оқырман!

Сүйгеніңізге қараған кезде көздің қарашығы кеңейеді.

Әр көзде 107 миллион жасуша болады, олардың барлығы жарыққа сезімал.

Ер адамдардың әрбір 12-шісі – дальтоник.

Адамның көздері пектрдің тек үш аймағын ғана қабылдауға қабілетті: қызыл, көк, сары. Қалғандары осы түстердің қосындысы.

Біздің көзеріміздің диаметрі 2,5 см жуық, ал әрқайсысының салмағы 8 грамм.

Адамдар "көзді ашып-жұмғанша үлгермейсің" деген сөзді жиі қолданады, себебі ол ағзадағы ең тез бұлшықет. Ашып-жұму жылдамдығы 100 – 150 миллисекунд, яғни секундына 5 рет.

Көз миға әр сағат сайын үлкен көлемдегі ақпарат беріп отырады.

Қоңыр көз шын мәнісінде қоңыр пигменттері бар көк түті көз.

Әр кірпік шамамен 5 ай өмір сүреді.

Майя тайпасы көз қылилығын сұлулықдеп сенген.

Осыдан 10 000 жыл бұрын жер бетінде тек қоңыр көзді адамдар болған. Тек Қара теңіз жағалауында өмір сүрген адамның генетикасында мутация орын алғаннан кейін көз түсті көз пайда болған.

Шизофрения ауруын 98,3% жағдайда көз қимылын тексеру арқылы анықтауға болады.

Адамдар мен иттер – басқалардың көздерінен ишара іздейтін жалғыз жаратылыс иелері.

Канадада таламусы ортақ сиам егіздері пайда болған. Олар бір-бірінің ойын оқып, бір-бірінің көзімен көре алады.

Көк көзді ақ мысықтардың 65-85%-ның құлағы естімейді.

А. Оралқызы