Зағип қылқалам шебері

Зағип жан суретші бола ала ма? Болғанда қандай!

Джон Брамблитт есімді Даллас тұрғыны мұның дәлелі. Жастайынан қояншық ауруына шалдыққан себепті Джон 11 жасқа жеткенде көру қабілетін жоғалта бастайды. Жасы отыздан аса бергенде мүлдем зағип болып қалады. Бала кезінен сурет өнеріне құштар болған Джонға сол қылқалам досы күйзелістен шығуға көмектескен екен. Оның туындыларына қарап отырсаңыз, зағип жанның қаламынан шыққан деп айта алмайсыз. Ол арнайы сурет салу техникасы мен түс аймақтарын анықтауға мүмкіндік беретін кенеп қолданады. Табиғат, адам, жануар секілді негізгі тақырыптарды жырлайтын айрықша мәнердегі суреттерге назар салыңыздар!

Иә, суреттерді көріп болған соң, көкейде сұрақ қалады: Осыншама көркем суретті зағип адам қалай салды екен?