Жер ойылып, ферманың ауласын жұтып қойды (видео)

Жер ойылып, ферманың ауласын жұтып қойды (видео)
Фото: tvn24.pl

Аустралиядағы Брисбен қаласына таяу маңда орналасқан ферманың арт жағындағы жер ойылып кетті. Бұл туралы ABC News хабарлады.

Кадрларда тұрғын үйден небәрі 4 метр қашықтықта су толы опырылған жер көрінеді. Ферма иесінің айтуынша, ауқымы сегіз метр жерді алатын жер ойығы әр сағат сайын ұлғая түсуде. Мамандардың пікірінше, бұлай опырылу себебі, ертеректе осы маңайда шахта болған.

Дереккөз: inform.kz

Е. Жұмабайұлы