Аустралия солтүстікке қарай «жылжып» барады

Тектоникалық жылжулардың салдарынан Аустралия құрлығы солтүстікке қарай 1,5 метрге жылжыды. Бұл өзгеріс соңғы 22 жылдың ішінде болған, деп хабарлайды аустралиялық ғалымдарға сүйенген ScienceAlert.

Бұл қорытынды GPS-өлшемдер негізінде жасалды. Осыған байланысты Аустралия ғалымдары құрлықтың географиялық нүктелерінің ресми координаттарына өзгеріс енгізуге әзір.

Аустралия құрлығы ғаламшардағы ең жылдам жылжитын материктердің бірі, ол солтүстікке және аздап батысқа қарай жылына 7 сантиметрге жылжып отырады. Бұл қозғалыс салдарынан сол маңдағы жер сілкінуі мүмкін.

Дереккөз: inform.kz