Мәскеулік орыс жастары қазақшаға судай (ВИДЕО)

Мәскеу қаласындағы жоғары оқу орындарының бірінде оқитын орыстың бір топ қыз-жігіттері қазақ тілін білу деңгейін көрсетті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Ксения Букова есімді қыз шағын бейнебаян түсіріп, ғаламторға шығарды. Ал Instagram желісіндегі парақшасына фотоларды салып, әрбір фотоның астына қазақ тілінде жазба қалдырды. «Университетте біз құрбылармен және басқа да группаластармен қазақ тілін шет тілі ретінде 4 жыл оқыдық. Оқуды аяқтаған кездегі біздің өнеріміз мынау», - деп жазды Ксения.

Дереккөзі:Baq.kz