Мұхит түбінде үлкендігі автобустай кальмарлар тіршілік етуі мүмкін

Мұхит түбінде үлкендігі автобустай кальмарлар тіршілік етуі мүмкін
Фото: inform.kz

Шотландияның Сент-Эндрюс университетінің биолог ғалымдары мұхит түбінде үлкндігі автобустай кальмарлар тіршілік етуі мүмкін екенін анықтады.

Зерттеушілер бұл пікірге статистикалық есептерінің негізінде келді. Олар алып теңіз құбыжықтары бар екенін көрсетті. Бұл туралы Атлант мұхиты жағалауындағы аудандардың тұрғындары да талай рет айтқан.

Биологтар 160 теңіз мекендеушісінен тұратын «мәліметтер базасы» жиналған көпжылдық зерттеулерін саралады. Олардың көлемі, сонымен қатар дене бөліктерінің көлемі негізінде ғалымдар мұхитта мекендейтін алып кальмарлардың көлемін анықтауға мүмкіндік беретін компьютерлік модельді құрады.

Зерттеушілердің мәлімдемесі бойынша, теңіз фаунасының алып өкілдерінің көлемі автобус немесе ірі жүк көлік сияқты болуы мүмкін. Бұл ретте кальмардың ұзындығы шамамен 20 метрді құрауы ықтимал. Биологтардың пікірінше, осындай көлем оларға кашалоттардан қорғануға мүмкіндік береді.

Дереккөз: inform.kz

Е. Жұмабайұлы