Исаак Кордалдың стрит-арт жобасы

Атақты испан мүсіншісі Исаак Кордалдың стрит-арт (көше өнер) жобасы – өте сәтті шыққан жұмыстарының бірі. Оның цементтен жасалған әртүрлі мүсіндері әлеуметтік таптаурынды (стереотип) ұсынады. Оны тамашалаған адам қоғамдағы адамдарға басқа көзқараспен қарап, әлемнің көпқырлылығына тағы бір көз жеткізеді. Өмірдің зардабын тартып жатқан адам көп екеніне сенеді. Бұл жерде мүсіншінің басты назарда ұстағаны  – табиғат климаты. Алайда оның мән-мағынасы мүсіндермен толық ашыла түседі. Сіз де Исаак Кордалдың мүсіндерін тамашалап, өзіндік бір ой түйіңіз.