Құс жолы құрып бара жатыр

АҚШ пен Францияның астрофизиктері Құс жолының құрып бара жатқанын көрсететін алғашқы дәлелдерді ұсынды. Ғалымдардың зерттеу жұмысы Astronomy & Astrophysics басылымында жарияланды.

Мамандардың айтуынша, екі миллиард жыл ішінде жұлдыздардың пайда болу жылдамдығы ондаған есе азайған. Аспан шырақтары пайда болса да, бұл процесс өте төменгі жылдамдықта жүріп жатыр екен.

Айта кетейік, астрономдар бұған Галактиканың жұқа және қалың табақтары арасындағы динамика себеп болуы мүмкін екенін мәлімдеді

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz