Қонақ үйге айналғалы отырған түрме

Екінші дүниежүзілік соғыста Черногория еліндегі Мамула аралын Мусалини әскері қолға түскен тұтқындарды азаптауға қолданған. Концлагерь 1853 жылы Авсртия-Венгрия тұсында салынды. Осы уақытқа дейін лагерьді ешбір жан аяқ баспаған. Сол себептен арал әбден тозып, қараусыз қалды. Міне енді жақында Черногория Үкіметі лагерьді қайта жаңғыртып, туристерге арналған таңғажайып демалыс орнына айналдырмақшы екен.

Мемлекет басшыларына мұндай идеяны швейцариялық Orascom Development Holding AG компаниясы ұсынды. Жоспар бойынша аралда тұрғын үй, мейрамхана, кафе, бассейн мен қонақ үйлер салынады. Онымен қоса аралдың аймағына шағын кемелер тоқтайтын, порт та болады екен.  Сонымен қатар көңіл көтеруге арналған ойын-сауық орталықтары көптеп салынбақ.

Дегенмен азапталған тұтқындардың жақындары бұған түпкілікті қарсы. Олардың айтуынша, арал тарихи ескерткіш ретінде сақталуы тиіс. Бірақ өкімет басшылары оған аса назар аудара қоймай, аралдың керемет жерде орналасқандығын сөз етеді.