Аргентинада 1845 жылы су астына кеткен желкенді кеме табылды

Аргентина ғалымдары 1845 жылы елге Ұлыбритания мен Франция әскерінің шабуылы кезінде суға кеткен шағын желкенді кемені тапты. «Республикано» деп аталған кеме Буэнос-Айрестегі Парана өзенінің түбінен табылған.

Айта кету керек, кемені толықтай су бетіне алып шығу мүмкін емес. Сол себепті ғалымдар зеңбірек немесе кеме діңгегін жағаға шығарып, музейге тапсыруды көздеп отыр.

Дереккөз: 24.kz