43 сағаттың ішінде салынған көпір

Қытайлар 43 сағаттың ішінде көпір салды, − деп хабарлайды Shanghaiist.com  сайты. 

Shanghaiist.com сайтының мәліметінше,  құрылыс жұмыстары қараша айының 13-жұлдызында кешкі сағат 23:00-де басталған. Ал 43 сағантан кейін көпір толықтай пайдалануға берілген. 

Көпірді салуға жұмысшылар 1300 тонналық құрастырмалы материал пайдаланған. Ол жұмыстың барысын жеделдетіп, 2 күнде көпір салуға мүмкіндік берген.  

Айта кетейік, осыдан біршама уақыт бұрын қытайлар өздерінің жаңа технология және шапшаң қимылдарымен 2 апта ішінде көп қабатты ғимарат тұрғызған болатын.