Перизатты сымнан жасайды

Көркем өнерді жасау үшін материалдық жағдайдың маңызы қызық емес, бастысы шабыт пен ниеттің болғаны. Соңғы екеуі үндескенде ғана адам тың туынды жасай алады. Темірден де түйін түйетін шеберлердің мына еңбектерін көріп отырып, осы сөздің растығына көз жеткізе аласыз. Шынымен де, шедевр ғой.

Робин Вайт есімді ағылшын мүсіншісі ертегі әлеміндегі перизаттарды сымдардан жасаған. Ол перизаттардың нәзіктігін көрсету үшін осындай детальмен жұмыс істегенді ұнатады екен. Олай болса, сыммен суреттелген сұлулықты тамашалайық!