Аляскада бұғы дүкенге кіріп кетті

Аляскада азық-түлік дүкеніне кіріп кеткен бұғыны көрген жұрт тосырқап қалды.

Оқиға Уасилла қаласында болды. Мүйізді жануар осындағы Carrs дүкеніне бой сұғып, оның ішін 10 минуттай шарлаған. 

Бірақ кезекте тұрған сатып алушылар мен дүкен қызметкері оның жолын кес-кестеп, бұғы әрі қарай өте алмапты.

Супермаркетке келушілердің айтуынша, бұғы сырттан дүкенді бетке алып, ішке әдейі кірген.

Дереккөз: 24.kz