Сәтсіз селфиден ажал құшқандар саны акула құрбандарының санынан да артып кетті

Сәтсіз селфиден ажал құшқандар саны акула құрбандарының санынан да артып кетті
Фото: rudaki.ru

Селфи сүйер қауым биік нысандардан құлап немесе пойызға соқтығысып ажал құшады.

Бұған қарамастан, аталған мәселені маңызды деп ескермей кетуге болмайды. Қазіргі таңда селфи қауіпті көңіл көтеру әдісіне айналған, деп мәлімдейді америкалық басылымдар.

2015 жылы экстремалды селфи түсірмек болып, бақилық болғандардың саны акула шабуылынан қаза тапқандардың санынан асып түскен, деп жазады Mashable америкалық басылымы.

Статистикаға сүйенсек, тек 2015 жылдың өзінде сәтсіз селфи құрбандарының саны 12 адамды құраса, ал акула шабуылынан бақилық болғандардың саны 8 адамды құраған.

Дереккөзі: nur.kz

Қ. Бүйенбай