АҚШ-та 3 жастағы бала "қала мэрі" атанды

АҚШ-та 3 жастағы бала "қала мэрі" атанды
Фото: www.fluentu.com

АҚШ-тың Миннесота штатындағы Дорсет қалашығының 22 тұрғыны бар. Қала мэрінің кезекті сайлауында тұрғындар үш жасар баланы қала басшысы етіп сайлады.

Джеймс Тафтс есімді қаланың жаңа мэрі АҚШ-тағы «Ең жас қала басшысы» атағын иемденіп отыр. Айта кетсек, оған дейін Дорсет қаласын Джеймстің ағасы Роберт басқарған. Роберт Тафтс та бұл лауазымға 4 жасында тағайындалған болатын.

Сайлау кезінде Джеймс дауыс берушілермен бірге болған. Ол қала тұрғындарына жеңіске жеткен кезде барлығына балмұздақ жегізетіндігін айтып, уәде берді. Бір қызығы, жаңа қала басшысы үлкен болғанда саясаткер емес, балықшы болғысы келеді екен.

Джеймстің анасы сайлау кезінде қатты уайымдағанын жасырмады. Сонымен қатар, екі бірдей мэрдің анасы лауазымды балалары өте тәртіпті болып өзгергенін мәлімдеді. 

Ж. Өрісбай