Жас жұбайлардың биі жұртшылықты таңдандырды (видео)

Небәрі екі күн бұрын Youtube видеохостингінде жарияланған жас жұбайлардың биі 2 миллионнан астам көрілім жинап, интернет қолданушылардың қошеметіне бөленді. Жігіт пен қыз өз үйлену тойында жұртшылықты таңдандыру үшін арнайы би дайындаған. Ол үшін қалыңдық акробатика дәрісін алғаны да көрініп тұр.