Аю мен қасқыр дос бола ала ма?

Әрине, дос бола алады. Сөзімізді мына суреттер растайды. Финдық Ласси Раутьянен есімді фотограф қара аю мен қасқырды он күн аңдып жүрген.  «Бұл қызық болып көрінер. Бірақ олар шынымен де бір-бірімен тату», — дейді ол.

Ласси оларды кешкі сегізден таңғы төртке дейін аңдып, суретке түсірген. Олар тіпті тапқан азықтарымен бөлісіп отырған. Бір-бірін қуып ойнаған. «Олардың қалай достасқаны беймәлім. Бірақ менің ойымша екеуі жастайынан жетім қалып, бірге өмір сүріп келе жатқан болуы мүмкін», — дейді фотограф.