Орман ортасындағы жанартау тәрізді жұмбақ қонақ үй

Әлемде таңдай қақтырарлық түрлі қонақ үй бар. Бірақ біз сөз еткелі отырған қонақ үй тіптен өзгеше. Montana Magica Hotel деп аталатын қонақ үй Чилидегі Huilo жеке қорығында орналасқан. 120000 гектар жерді алып жатқан қалың орман арасымен келе жатып, осы бір жұмбақ қонақ үйді кездестіре аласыз. Жанартау бейнесінде салынған қонақ үй ғимаратынан су атқылайды. Сырты өсімдікпен қапталған. Montana Magica Hotel-де заманға сай жабдықталған 13 нөмір бар. Ішінен ойын бөлмесін, оқу залын, мини-гольф, Чили мейрамханасын, бар, кір жуу қызметін, спа-салонды таба аласыз.