Екі жарты – бір бүтін

Адам қиялында шек жоқ қой, шіркін! Әлемді таңғалдырған адамдар саны күн сайын артпаса, азайған емес. Солардың бірі – Стефан Макменнами есімді шетел азаматы. Стефан интернет қолданушыларын таңғалдырып қана қойған жоқ. Ерекше туындыларымен оларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Ал Стефанның ерекшелігі –екі жартыдан бір бүтін жасауы. Яғни, мүлдем бір-біріне қатысы жоқ екі суретті алып, ұштасатын жанды нүктелерін қосу арқылы сурет әлеміне жаңалық әкелуі. Ендеше, ұшқыр қиял мен қарапайымдылықтың үндескен сәтін мына суреттерден тамашалаңыздар.

Әсіресе, қай суретті ұнаттыңыз?