Әлемдегі ең қымбат жеке меншік үй

Үндістанның ең бай адамы, 53 жастағы миллиардер Мукеш Амбани 1 миллиард қаражатын шығындай отырып, әлемдегі ең қымбат үйді салғызды. 

Осы бір зәулім үйді мифтік аралдардың құрметіне орай Антилия деп атаған. 

Оған қоса үйде бірнеше бассейн, йогомен айналысатын және қар жауып тұратын арнайы бөлмелер бар. Себебі, Мумбайдың шыжыған күнінде тыныстаудың өзі қиынға айналады. Бір жағы Мумбайға, бір жағы теңізге қарап тұрған үйдің тамаша көріністерді сыйлайтыны анық. 

Суретте: жас жұмысшының үлкен үйдегі қызметті бастауға келген сәті. Қалта телефонын алып, үлкен үйге қашан кірерін күтіп тұр.

Көптеген сервистері бар үйді ұстап тұру үшін 600-ге жуық адамның қызметі қажет. Бірақ, қаланың 65 пайызы кедейшілікте өмір сүретінін ескерсек, бір түрлі болып та көрінуі мүмкін...

Суретте: 27 қабаттық үйді бақылап тұрған күзетші.

Мукештің толық құраммен түспеген отбасы мүшелерінің әр жылдағы суреттері.

writeFlash({"src":"https://www.youtube-nocookie.com/v/yfMp4mUi7N0?version=3&hl=ru_RU","width":"450","height":"256"});