Татарстанда 300 келі бауырсақ пісірілді

Татарстанда Сабантой мерекесін тойлаушылар әлемдегі ең көп бауырсақ пісірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ProKazan.ru сайтына сілтеме жасап.

Бауырсақтың салмағы 305 келі болды. Мейрам Татарстандағы Альметьевск қаласында тойланды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бауырсақты дайындау үшін 118 келі ұн, 84 келі қант, 42 келі табиғи бал мен 1652 тауық жұмыртқасы кетті. Айта кетейік, бауырсақ Ресейдегі Гиннестің рекордтар кітабына енді.

Айта кетейік, Алматыда 2014 жылы Аналар күнінде бауырсақ пісіруден рекорд орнатылған еді. Орталық саябақта 856 келі бауырсақ пісірілген. Сол күні ұйымдастыушыларға рекорд орнатқандары туралы сертификат берілді. Бауырсақты "Ене және келін" жобасына қатысушы 7 жұп дайындады. Рекордты Лондоннан келген өкілдер мен тәуелсіз сарапшылар тіркеді.