Жер астында орналасқан қала – Кубер-Педи

Кубер-Педи – Австралиядағы жер астында орналасқан жалғыз қала. Халық саны өте аз. 2008 жылғы санақ бойынша, 2000 адам ғана тіркелген. Соған қарамастан, ол жылтыр тастың астанасы болып есептеледі. Өйткені дәл осы жерде әлемнің 30% қоры сақталған. 

Ең алғашқы тас 1849 жылы, ал жылтыр тас 1915 жылы табылды. Оның басқа тастардан айырмашылығы – түсінде. Естеріңізге сала кетейік, тастың бағасы көлеміне қарай емес, түсіне қарай анықталады.

Сонымен қатар, Кубер-Педи – елдегі ең ыстық жерлердің бірі. Күндіз ауа температурасы 60 градус ыстықты көрсетеді. Сондықтан жергілікті тұрғындар жер астына көшуге мәжбүр болды. Көшу олар үшін аса қатты қиындық тудырған жоқ. Себебі сондағы халықтың басым көпшілігі – шахтерлар. Жер астындағы температура – жыл бойы 25-26 градус.

Бүгінгі таңда бұл жерге келуші туристер көп. Арнайы соларға арналып аттракциондар құрылған. Мұнда тек тұрғын үйлер ғана емес, шіркеулер және зираттар да бар.  

Ұқсас жазбалар:

Ақылды мысық қожайынынан не сұрап тұр?

Колумбиядағы қолдан жасалған арал