Ең ұзақ өлім жазасы

18 ғасырда өмір сүрген швед монахы III Густав шай мен кофені адам денсаулығына зиян деп есептеген. Сол себепті ол 1746 жылы халыққа кофе мен шайды ішуге тиым салу үшін сәйкес заң қабылдады. Әйтсе де, бұл сусындарды ішуді жұрт тоқтатқан жоқ. Мұны естіп ашуланған III Густав шай мен кофенің зиянын тәжірибе арқылы көрсетуді шешті.

Монарх өлім жазасына кесілген екі қылмыскерді дарға асылайын деп тұрған жерінен алып қалып, оларды қамауға бұйырады. Густав бұл қылмыскерлерге ұдайы шай мен кофе беріп отыруды тапсырады. Бұлардың денсаулығын бақылап отыру үшін екі дәрігер бекітіледі. 

Уақыт өте береді, бірақ қылмескерлер өлуге асықпайды. Бірнеше жылдан кейін оларды бақылап жүрген дәрігерлердің біреуі өледі. Ал 1792 жылы монархтың өзі қастандықпен өлтіріледі. 

Қылмыскерлердің бірі 83 жасында, екіншісі 85 жасында қайтыс болады. Осылайша III Густавтың тәжірибесі сәтсіз аяқталды. Әйтсе де, бұл заң 19 ғасырдың 20 жылдарына дейін күшін жойған жоқ. Кофе мен шайды ішуге тек 1822 жылы ғана рұқсат етілді. 

сурет: coffeet.ru