Қытай суретшісі Гиннесс рекордтар кітабына қалай енді? (видео)

Интернет қолданушылары Қытайдағы Kuma студиясының YouTube-арнасында жариялаған видеосын көріп, таңдануда. Видеода Қытай суретшісі Су Чунг Тай қарапайым сабын көпіршіктерінен ерекше заманауи өнер стилін көрсетеді. Ал оған бірнеше бағытпен жарық және түтін қосылса керемет көрініс одан әрі түрліше құбылады.

Су Чунг Тай өз елінде танымалдылыққа ие. Көпшілік оның өнерін жоғары бағалайды. Бүгінде оның тамаша өнеріне куә болу үшін әртүрлі елден адамдар келеді екен.

Айта кететін жәйт, суретшінің есімі екі рет Гиннесс рекордтар кітабына жазылған. Бірінші рекорд – бірінің ішіне бірі салынған 15 сабын көпіршігі болса, екіншісі бір тізбекке қойылған 30 сабын көпіршігі еді. Ендеше бала кезімізден белгілі сабын көпіршігінің қандай мүмкіндіктерге ие екенін бірге тамашалайық.

Сурет: www.artleo.com

Оқи отырыңыз: 

Қазақ жігіті велосипедпен әлемді шарлауда

Әлемдегі ең әдемі ағаштар

Қытайдағы күріш алқабы

Жұмыс үстелі 34 жылдың ішінде қалай өзгерді? (видео)