Бір қапшық ауа 60 мың долларға сатылды

Бір қапшық ауа 60 мың долларға сатылды

Америкалық репер Кэни Уэсттың концертінен алынған бір қапшық ауа eBay интернет-аукционында 60,1 мың долларға сатылды, – деп жазады inform.kz.

Бір апта бұрын сатылымға қойылған «Кэни Уэсттың концертінен алынған ауа» деген жазуы бар қапшық алғашында небары 5 долларға бағаланған екен.

Айта кетелік, сатушы бұл қапшықтағы ауаның расымен атақты репердің концертінен алынғандығы жайлы ешбір дәлел көрсетпеген. 

сурет: wpengine.netdna-cdn.com

Е. Қайрахан