Жаңа жыл туралы қызықты деректер 2

Жаңа жыл туралы қызықты деректер 2

Жаңа жыл туралы сізді таң қалдыратын біраз қызықты деректер бар:

Басы

1. Италияда жаңжылдық түні ескі киімдерді терезеден тастау дәстүрі бар. Яғни, киім, ыдыс, тіпті жиһаздан да құтылуға асығады екен. Неғұрлым көп заттардан құтылсаң, жаңа жылда соғұрлым байлық пен табысқа кенелесің деген ырымы бар.

2. Израильде жаңа жыл екі рет тойланады: еуропаша 1 қаңтар күні және қыркүйекте.

3. Үндістанда жаңа жылды 1 қаңтарда тойласа, Непалда 17-18 сәуір күндері тойлайды екен.

4. Таиландта жаңа жыл 1 қаңтар күні бейресми түрде тойланады. Ал ресми тойлауы сәуірде өтіп, су атыспен жалғасады екен.

5. Эфиопияда жаңа жылды 11 қыркүйекте қарсы алады.

6. Тибет жерінде жаңа жыл қарсаңында бәрі бәліш жасап, елге таратады. Байлықтың көлемінің кепілі таратқан бәліштің санына байланысты болады екен.

7. Шыршаның астында сыйлықтарды қалдыру дәстүрі ХVІІІ ғасырдан бастау алады.

8. Шығыс күнтізбесі бойынша қой жылы 2015 жылдың 19 ақпанынан басталып, 2016 жылдың 7 ақпанына дейін жалғасады екен.

9. Орыс дәстүріне сондай-ақ шыршаны тәттілермен безендіру жатады.

10. Ресей зейнетақы қоры Аяз атаға «ертегілік еңбек ардагері» атағын берді.

Сурет: widefon.com

Ф. Абилова