Мына мультфильмнің сюжеті өмірден алынған

Адам Жер бетінде шамамен бес жүз мың жыл бұрын пайда болды. Содан бері планетаны аяусыз ластап келеміз. Ластағанымыз былай тұрсын, Жер ресурстарын ысырап етіп пайдаланып жүрміз.

Уақыт өткен сайын қызыл кітаптқа енген жануарлардың саны көбейіп жатыр. Зиянды газдар бөліп шығаратын зауыт-фабрикалардың саны артып, табиғат қатты қарқынмен ластанып жатыр. 

Мына Стив Катстың режиссерлік етуімен түсірілген анимациялық фильм адамзаттың алған бағытын анық көрсеткендей.

Жер ресурстарын ойсыз пайдаланғанымыз үшін жапа шегетін күн де алыс емес секілді.

сурет: видеодан скриншот