Қытайда ерекше қонақ үй салынып жатыр

Қытайдың Сунцзян қаласында жер шарындағы ең экзотикалық қонақ үй салынып жатыр. Шимао деп аталатын бұл қонақ үйдің ерекшелігі оның жер астында салынып жатқандығында.

Жерден 100 метр тереңдікте орналасатын бес жұлдызды қонақ үйді салуды британдық "Аткинс" компаниясы ұсынған. Қытай инвесторлары бұл жобаны қолдап отыр. Қонақ үй Тяньмэньшань тауының етегінде орналасады. Шимао қонақ үйі 19 қабатты және 380 нөмірлі болады.

Онда көңіл-көтеру бөлмесі және ойын-сауық кешені де болады. Қонақ үй алдында жасанды өзен жатқандықтан, оның 2 қабаты су астында болады. Оның алдында жасанды сарқырама жасалады. Түрлі спорт кешендері салынады.

Сурет: eco-turizm.net