Трансформер көпірі де бар екен

Трансформер көпірі де бар екен

Дүниежүзінде көпірдің сан алуан түрі бар. Олардың әрқайсысы қолдану бағыты мен құрылысы бойынша бір-бірінен өзгешеленеді. Бірі ауада арқанның көмегімен тартылса, екіншісі жуан-жуан бетон құймалары арқылы жасалады. Мен сіздерге осыған дейін Лондон қаласында орналасқан желпілдеуіш көпір жайлы жазған болатынмын. Енді тап осы секілді Лондон қаласының Падингтон ауданында табан тіреген трансформер көпірі туралы баяндамақпын.

Трансформер көпірі гидравликалық поршенмен жабдықталған. Сол себепті ол сегіз бұрыш болып жиналады. Көпір Гранд-Юнион каналына жүк тасмалдайтын және жолаушы кемелерін өткізу үшін арнайы жоба бойынша соғылған. Бұл жобаның авторы - ағылшын мүсіншісі Томас Хизервик. Мүсінші осы жобасы үшін өнер мен архитектура саласында көлемді сыйақы алған.


Оқи отырыңыз: 

Бұл қызық: йога жасайтын ит (видео)

Қағаздан жасалған көркемөнер туындылары

Лондон қаласында желпілдеуіш көпір салынды

Жапониядағы 2 метрлік қонақ үй туралы бұрын біліп пе едіңіз?

Сурет: www.terra-z.

Н. Нұрмаханұлы