Ғалымдар ой әлемін оқи алатын техниканы жасап шықты

Ғылымның дамуына ілесе әлемнің сыры ашылмайтын құпиялары азайды деуге болады. Адамның ой-қиялы, ешкімге білдірмеймін дейтін ішкі сырлары, адам жанының терең қатпарында жататын дүниелері ең қауіпсіз, басқалар оны мүлде біле алмайды делініп келген. Бірақ, Калифорния университетінің ғалымдары зерттеуге қатысқан адамдардың үлкен миындағы ой-пікірді сәтті түрде оқып шыққан. Зерттеушілер бұл жетістіктерін күндердің бірінде тума немесе тілі мүкіс, сөйлеу қабілетін жоғалтқан адамдардың сөйлей алуына көмегі болуы мүмкін деген үмітте.

Ғалымдар жүйге жасушаларының кейбір дыбыстарға белгілі деңгейде жауап беретінін байқаған, осы негізде құпияны шешу амалын қолданып, көңілдегі ой-пікірді естелікке алу жолын жасап шыққан.

Тәжірибеге қатысушылар алдымен дауыстап бірер мазмұнды оқып шығады, сосын осыған ұқсас мазмұнды ішінен қайталай ойлап шығады екен. Өлшеу нәтижесі бұл амал арқылы сынаққа қатысқандардың оқыған мазмұны мен ішінен ойлаған дүниелерінің бірдей шыққаны белгілі болған.

Сурет: blogspot.com