Үйсіз қалған адамның бар арманы неде? (Видео)

Көшенің бойында орналасқан дүкендердің алдында үйсіз бір кісі ұйықтап жатыр. Бір кез қасына белгісіз көлік тоқтап, екі кісі сол дүкенге үш теледидар алып кіреді. Ұйқысы қашқан кісі теледидарлардың қосылғанынан қуанып, отырып тамашалай бастайды. Бірнеше минуттан кейін экранда үйсіз жатқан кісінің өткен өмірі мен жанұясымен бірге өткізген бақытты сәттерінен үзінділер көрсетіле бастайды. Оның осы сәтте таң қалғаны тым әсерлі. Дегенмен, бұл тосын сыйдың барлығы емес еді. Одан кейінгі сюжеттің барысы тіпті көзге жас алдырады.

Бұл әсерлі видео Нуно Роча есімді кісінің режиссерлығымен LG Portugal үшін түсірілген. Оның негізі компанияның ұраны болатын «Өмір тамаша» («Life is Good») сөз тіркесі болып отыр.

Сурет: omn-omn-omn.ru