Көшеде нидзяны жолықтырсаңыз не істейсіз? (Видео)

Көшенің әртістері нені ойластырмайды дейсіз? Канаданың Торонто қаласында түсірілген әлеуметтік маңызы бар видеодағы жас жігіт кез-келген кісіні қылышпен жекпе-жекке шығуға шақырады. Ал кім бала кезінде қылыштасуды армандамаған дерсіз де, қылышты ала жөнелетініңіз рас. Дегенмен, еріктінің қылышты алған бойында, тұтқиылдан оннан аса ниндзя шыға келіп, нағыз шайқасты көрсете кетеді. Мынадай сәтте тек қашу ғана оң амал болып көрінсе керек, көптеген ерікті азаматтар қаша жөнелуде. Осы секілді адамдардың ойда жоқта тап болған оқиғасы күлкіңізді шақырады деп ойлаймыз. Ендеше видеоға кезек берелік.

Сурет: region.metronews.ru