Тура 76 жыл бұрын ерігіш кофе ойлап табылды

Ең алғаш ерігіш кофені 1938 жылы 24 шілдеде жапондық әріптесі Сатори Катоның ерігіш сусынды дайындау тәсілі идеясын қайта жаңғыртқан швейцариялық химик Макс Моргенталлер ойлап тапқан болатын.

Макс Ерігіш кофені дайындау үшін «робуста» мен «арабика» сортының қоспасын пайдаланған. Бірақ бастапқыда дайын болған қоспа мамандарға дәмсіз болып көрінеді.

Ерігіш кофені өндіру – өте қиын жұмыс. Ол үшін табиғи кофе тұнбасын сүзгіден өткізіп, алдын ала инертті газбен толтырылған үлкен көлемді камераларға салады. Осы сығынды жаз мезгілінде әбден кеуіп, жарқын қоңыр түсті түйіршіктерге айналады. Шөгінділердің жоқ болғаны дұрыс.

Бұл шырынның өндірісіне өзгеріс енуіне екі дүниежүзілік соғыс әсер еткен. Екі дүниежүзілік соғыс кезінде оны майданға тасымалдау үшін өндірушілер ерекше технологияны пайдалануы тиіс болған.

1903 жылы ең алғаш құрамында кофеины жоқ кофе ойлап табылды. Бұл идея германиялық кәсіпкер Людвиг Розелиусқа тиесілі. Идея өзінікі болғанымен, жүзеге асыруды бірнеше зертханаға тапсырады.

Ерігіш кофенің басты жетістігі – жылдам дайындалуы, ал кемшілігі – жасанды дәмі мен құрамында кофеиннің көптігі. Бұған қарамастан ерігіш кофенің сапасы уақыт өткен сайын жақсаруда.

1938 жылы 1 сәуірде бірнеше тәжірибеден кейін «Nescafe» дүниеге келді. Аталған сусын атауы «Nestle» мен «Cafe» сөздерінің бірігуінен шыққан. Ерекше дәмінің арқасында «Nescafe» сатылым маркасы 83 елде үздік атанады.

Қазіргі кезде әлем бойынша бір тәулік ішінде 2,25 миллиард шыны аяқ кофе ішіледі екен.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: liveinternet.ru