Полиция туралы қызықты деректер

Полиция туралы қызықты деректер

1992 жылғы 23 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» Заң қабылдады. Ал 2007 жылдың 5 маусымында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жарлығымен 23 маусымды Полиция күні деп бекітті.

- Полиция сөзі көне грек тілінің «полис», «қала» деген сөзінен шыққан. Римдіктерде «полития» сөзі қоғам заты деген түсіндірме береді. Бертін келе «полития» сөзі «полиция» болып өзгерген.

- Полиция қызметі Финляндия елінде аса танымал. Себебі ол жақтың 90 пайыз тұрғыны сақшы қызметкеріне толығымен сенеді.  

- Әлемде қылмыспен күресудің ең қатал әдісін Бразилия мемлекеті қолданады. Себебі олар есірткі тасымалдау, адам ұрлау секілді ауыр қылмыстармен жиі соқтығысып, қылмыскерді ұстау кезінде заң құқықтарын сақтамайды.

- Үндістан, Непал елдерінің күзет полициялары бір-бірімен көшеде қолдарын ұстасып жүреді. Олар осылайша бір-бірлеріне деген достық лебізі мен татуластық қарым-қатынасын жақсартады екен.

- Орташа есеппен Америка сақшылары жұмыс кезінде қаруларын 27 жылда бір рет қана пайдаланады. Сондықтан да Голливуд фильмдерінің сақшы қызметкерлері туралы кинолары шындыққа мүлдем жанаспайды. Алайда, жолда кетіп бара жатқан көлікті тоқтатып, қылмыскердің соңына түсу қалыпты іс-әрекет. Бұл жағдай АҚШ-тың Конституциясында заң жүзінде бекітілген.

- Тарихта  бірінші әйел полицейі 1891 жылы Чикаго полиция департаментінде әкімшілік қызмет атқарды. Ал нақты сақшы қызметін Элис Уэллс атты американдық қыз жасады. Бір қызығы Элис әйелдер киетін ресми полиция формасын өзі тіктірткен.

- Полицияда сан жағынан ең көп тіркелген нәзік жандар ОАР елінде. Олардың үлесі – 29%.

- Дубайда дүниежүзіндегі ең жылдам полиция автокөліктері бар. Елдің үкімет басшылығы көшелерде тәртіп орнатуға жоғары жылдамдықтағы көліктерді сатып алу қажеттігін ескеріп, бірнеше жылдың жүзінде Дубай автотұрағын толықтыруға кіріскен. Көліктердің қатарында: McLaren MP4-12C, Ламборджини, Астон Мартин, Бентли, Феррари, Шевроле т.б. бар.

- Америка елінің үкімет басшылары сақшы шенін уақыт өте келе емес, жұмыстың жемістілігіне қарап өсіреді. Ең төменгі шен детектив немесе офицер болып саналады. Бұл мемлекеттің 90% полиция қызметкері зейнетке шықпай сол  бастапқы лауазымымен қалып қалады.  Ал егер қызмет бабымен басқа басқармаға ауысатын болса, шендік мәртебесі қайтадан бірінші сатыға түседі.

Оқи отырыңыз:

Қазақ студенті: "Ер – туған жеріне"

Қазақстан жайлы қызықты топтама

Қазақстан туралы ең қызықты мәліметтер

Дубай полициясы тағы бір көлікпен толықты (видео)

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы

Сурет: news.nur.kz,www.urbancapture.com

Н. Нұрмаханұлы