АҚШ аумағында ерімейтін қар жаууда

Интернет бетінде соңғы кезде АҚШ-тың әр аумағында, әр адамның қолынан түсірілген алуан түрлі бейнематериалдар көбеюде. Әлгі бейнематериалдарда әлдекім есік алдына шығып, уыстап үйге алып кірген қарын қыздыру үстінде...

Ақиқатында, қар ерігенмен, көп ұзамай-ақ іс мәнісі басқаша орын алғанына көз жеткізесіз. Мысалы, бір роликтерде қар қара күйеге айналса, енді бірінде түпкілікті жоқ болып кетуде. Мұндағы бір таңқаларлығы - еріген қардан соң су қалмауы. 

Аталған бейнероликтердің авторлары қарды қыздыру үстінде күйген пластиктің иіс шығатынын айтады. Жалған қар жайлы АҚШ-тың Джорджия, Миннесота, Мичиган, Кентукки қалаларында бейнематериалдар түсірілген. 

Төмендегі роликтерге назар аударыңыз: 

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/8POBpoB-Qzw","width":"450","height":"338"});

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/GmhKeyfpU4c","width":"450","height":"338"});

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: chelny-izvest.ru