Пейзаж бен киім үйлесімі

Осы күнге дейін үстіңізде киіп жүрген киімдерді табиғат пейзаждарына ұқсатып көрдіңіз бе? Бір қарағанда матадан тігілген киімдер мен табиғаттың арасы жер мен көктей. Алайда талғамы жоғары, дүние бөлшектеріне детальді түрде мән беретін Джозеф Форд есімді суретші арасындағы байланысты тауып, көпшілікке ұсынған.

Түстері мен детальдарындағы ұқсастық адам баласын таңғалдырады. Пейзаждағы ұзын көшелер киім жолақтарына ұласады. Екі суреттің қатар тұрғанын көріп жұмысты оңай екен деп ойлауға болады. Алайда оның да қиын тұстарына тап болған суретші ұзақ ізденіс үстінде жүрген. Мұндай бір-бірімен үйлескен суреттердің әрқайсысын іздеп, өңдеуге 12 сағаттан жұмсаған.

Джозеф Форд ұсынған "Сағат пен жол үйлесімі" атты сурет.


Келесі суретте көше жолдары мен киім қалташалары жалғасын тапқан.

Кереге көз жейде мен тұрғын үйлер.

Түстеріндегі ұқсастық.

Күртешенің темір жол арқылы жалғасуы.

Ал мына жерде керісінше теңіз жағалауымен үйлесуде.

Төртбұрышты тұрғын үйлер жоғарғы жағынан қарағанда шахмат тақтайшасына ұқсайды. Жемпірде де дәл солай.


Жемпір мен Сахара құмы.


Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: dailylife.ru