Көркем жазудың кәнігі шебері (видео)

Глен Вейсгербер көркем жазудың бірден бір талантты өкілі. Ол өткен ғасырдың 70-ші жылдары жүк көліктері, велосипед, жарыс автомобилі мен гитаралардың төсбелгісін жасаған. Ол осы уақыттар аралығында көркем жазудың құпиясына үңіліп, шеберлігін шыңдай түскен.

Гленнің жазу ерекшелгі өзінше бөлек. Мысалы, пинстрайпингті (сурет салу техникасы) қолдану арқылы түрлі түстерді әдемі өрнектермен әрлей отырып жазады. Мұндай іс-әрекет күдікшіл адамға сенім сыйлап, селқос адамды жігерлендіре түседі. Ол көз алдыңызда-ақ көркем жазудың тамаша үлгісін көрсете алады. Суретші сондай-ақ әр түрлі компаниялардың логотипін салумен айналысады.

Глен Вейсгербертің өнеріне куә болыңыздар:

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/F4165Pp8uns","width":"450","height":"338"});

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: slavikap.livejournal.com