Ағашқа киім кигізген...

Ағашқа киім кигізген...

Апалы-сіңлі Джилл мен Лорна Уотт көше бойында өсіп тұрған ағашты барлығынан ерекше етіп жасауды мақсат тұтқан. Ол қолдарынан келді десек те болады. Биіктігі бірнеше метрге созылатын ағашты тоқыма жіпке орандырды. Нәтижесінде көпшіліктің назарына бірден ілігетін ақшыл көк түсті ағаш пайда болды.


Ағаштың көк киімі сегізаяққа ұқсатылып жасалған. Бұтақтары қолдарына ұқсаса, жоғарғы бөлігіне жасанды көздер тігілген. Бұл жобаның басты мақсаты  –  көпшіліктің өнерге деген сүйіспеншілігін артыру.


Апалы-сіңлілер ойға алғандарын орындап шыққандарына соңына дейін сенбеді. Мұнымен қатар қыздарға тілектестер пайда болып, оларға көмек көрсетушілердің саны артты.

Ағашты киімге орандыру процесі ұзақ әрі қиын болды. Бұл істі бастамас бұрын Джилл мен Лорна өздеріне лайық ағашты ұзақ іздеді. Табылған соң өлшемін алып, іске кірісті.

Көшенің ортасынан орын алған қысы-жазы тоңбайтын ағашқа сол аймақтың тұрғындары риза болды.  

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: kulturologia.ru

Қ. Бүйенбай