Тірі көпірлер

Черапунджи — Үндістандағы Мегхалая штатындағы шағын қалашық. Оның айналасындағы Кхаси және Джайнтиа тауларының ауасы өте ылғалды және Черапунджидің де аты осы ылғалдылығымен танымал. Жер бетіндегі екінші орындағы ылғалды мекен екенін білуші ме едіңіз?

Сонымен қатар, Черапунджи өзінің "тірі көпірлерінің" арқасында әлемге атын жайды. Бұл дегенің, мұндағы көпірлерді салмайды, оларды каучукты фикус ағаштарының тамырларынан өсіріп шығарады. Бір қызығы, бұл ағаштардың тамырлары жер бетінде жайылады екен. Жергілікті тұрғындар оларды "резеңке ағаштар" (Ficus Elastica) деп атайды екен.

Ерте кездерде Уор-Кэсис тайпасы аталған ағаштарды бір жағалаудан екінші жағалауға өту үшін пайдаланды. Қазір де дәл осы техника бойынша, керекті жерлеріне көпір өсіріп отыр. Бір көпірді іске қосу үшін 10-15 жыл жетіп жатыр.

Жасанды аспалы көпірлерден айырмашылығы – олар жыл өткен сайын берік бола түседі. Көпірлердің алдыңғысы 500 жасқа жеткен және бір мезгілде 50 адамды көтере алады. Ұзындықтары 30 метрден асады.

Осы жердегі көпірлердің ең танымалы – бірінің үстіне бірі орналасқан "Умшианг" көпірі екен.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: vk.com