Адамды қалай сендіруге болады?

Адамды қалай сендіруге болады?
Фото: fouronesixlit.com

Адамды сендіру өнері психологиямен тікелей байланысты және бұл уақыт өткен сайын дамып келеді. Нандыру қасиетін оңай жетілдіруге болады, ол үшін белгілі әдістері бар.

Оны айтпас бұрын антикалық деректерге көз жүгіртейік. Гомердің ережесі мықты және әлсіз аргументке құрылады, адамның сенуі олардың кезектестіріліп келуіне байланысты. Аргументтерді дұрыс реттестіре отырып, күткен нәтижеге жете аласыз. Ең тиімді алгоритм: мықты дәйектеме – орташа – ең мықты дәйектеменің бірі. Әлсіз дәлелді тіпті қолданбау керек. Қорытынды аргументтің санына емес, сапасына байланысты көрінеді. Бірақ біреу үшін мықты аргумент келесі адам үшін соншалықты сапалы болмауы мүмкін екенін ескеріңіз.

Ал Сократ ережесі адамның оң және теріс жауабына байланысты. Егер сізге маңызды сұрақтың жағымды жауабы қажет болса, мұны үшінші орынға қоя тұрыңыз. Ал алғашқы екі сұрақ анық «иә» деп жауап беретініне сенімді болатын қысқа да қарапайым сұрақ болсын.

Адамды ешқашан тығырыққа тіремеңіз. Сыпайы әрі абай болыңыз.

Жоғары дәйектемелі аргумент ретін және айтар сөзіңізді мұқият орналастырыңыз.

Тәжірибелік біліміңізді алға тартып, сеніміне кіріңіз. Біліміңіз қандай пайда әкелгенін айтыңыз.

Қарсы пікір білдірушінің кей сөздерін міндетті түрде құптып отырыңыз. Бұл кішкене қулық адамның өзіне деген құрметі зор екенін көрсетеді.

Алдандырыңыз, бірақ артық кетпеңіз. Дөрекі жәдігөйлік адамды одан сайын жирендіреді. Сеніміне кіру үшін бұл тәсілді абайлап қолданыңыз.

Жоғарыда келтірілген ережелерді Сократтың тұжырымымен үйлестіріп орындаңыз.

Қауіпті тақырыптарға барудан аулақ болыңыз.

Әр ұсақ-түйекті есепке алыңыз. Мимика, жест, вербальді және бейвербальді қатынас – мұның барлығы зор маңызға ие. Әсіресе, жарнама жасайтын кезде тұтынушыны тауарыңыздың сапасына сендірер кезде осы қатынастарға мән беру керек.

Адам қай жерден болса да бірінші өз пайдасын көздейді. Сіз оған алдымен пайда келтіретін жақтарын ашып көрсетіңіз.

Сөйлесіп отырған адамыңыз ашуланып отырса да, оған құрмет көрсетіп, көңіл бөліңіз. Сіз қайта сабырлы бола түсіңіз. Қандай жағдай болса да жағымпазданбаңыз, бұл одан сайын ашуын келтіріп, айтқаныңызға мүлде келіспей қояды. Сендіру ережесінде оған деген көңіліңіз маңызды рөл атқарады.

@. @assel_assanova