Атағы Леонардо да Винчиден асқақ суретші

Атағы Леонардо да Винчиден асқақ суретші
Фото: vk.com

YouGov сауалнамасы британиялықтардың сүйікті суретшісі Бэнкси екенін анықтады.

"Сіздің сүйікті суретшіңіз бен мүсіншіңіз кім?" деген сұраққа 2000 адам жауап берген екен. Олардың көпшілігі осы аноним шеберді атапты. Нәтижесінде Бэнкси классиктерден жоғары сатыға жайғасты. Одан кейінгі қатарларда Леонардо да Винчи, Винсент Ван Гог, Рембрандт пен Моне орналасқан.  

Оның есімінің көп аталуы стрит-арт пен андеграундтық өнердің танымалдығының дәлелі. Бэнкси шығармашылығы түрлі қоғамдық мәселелер мен мәдени өзгерістерді қамтиды.

Бір қызығы, Бэнкси лақап атымен танылған суретшінің кім екені белгісіз. Ол ешқашан халық алдына шықпаған және толық есімін жарияламаған. Оның ең басты ерекшелігі – тек мұражайлардан ғана тамашалауға болатын өнер туындыларын "көшеге шығаруы". Яғни, көпшілікке қолжетімді етуі.

А. Оралқызы