Шетелде тұратын қазақстандық суретшілер Астанаға келеді

Шетелде тұратын қазақстандық суретшілер Астанаға келеді

Астананың "ескі" орталығы бір айға қазіргі заманғы өнер орталығының эпицентріне айналады. 15 қыркүйек күні мұнда Astana Art Show атты көрме басталады.

Astana Art Show қазіргі Қазақстанның бейнелеу өнері Халықаралық Биенналесінің негізгі шарасы болып табылады. Оған өзін сәтті жүзеге асырған және шетелде әйгілі болған қазақстандық жас суретшілер қатысады. Сонымен қатар, Биеннале аясында Астананың жас суретшілері байқауы, танымал суретшілердің ашық дәрістері мен мастер-класстары өтеді.

20-дан астам қатысушы өз халықаралық ірі көрмелерге қатысқан, сондай-ақ шоуға арнайы құрылған жумыстарын ұсынады. Суреттер мен инсталляциаларды келушілер TSE Art Destination галереясында және оның айналасында тамашалай алады.

Көрме қатысушылар арасында танымал замануи өнер шебері - жапондық фотограф Икуру Куваджима, «Мен Обломов» танымал автопортрет сериясының авторы. Сондай-ақ, Лондонда белгілі болған Аза Шаденова өз жұмысын елорда көркемөнер әуесқойларының назарына ұсынатын болады. Жас суретші Әділ Әубекеров Астана тұрғындарына және қонақтарына ғимараттардың бірінің қасбетіндегі жаңа көркем нысанмен қуантатын болады.

«Іс-шаралардың бірінші тақырыбы - "Metamorphosis". Біз бүгін, бейнелеп айтқанда өзіндік тарихты заңғарлатудамыз, сондықтан біздің алдымызда үлкен сауалдар туындауда. Олардың арасында – адамға екі соғыстан кейін не қалады, измдардан кейін енді барлығы шамамен айтылғаннан кейін, теориялар теория болып қалды, ал өзгерістер әлі де жоқ. Адамға жеке, қоғамдық, топтық метаморфозаларға оқиға горизонтынан әрі шығу ғана қалады – айналып келгенде, біздің жауабымыз осы және бұл жауапты мұнда келушілерге осы көрменің аясында талқылауға шақырамыз», - көрме кураторы Әсел Ахметжанова баяндады.

Astana Art Show салтанатты ашылуында әлемдік деңгейдегі музыкант, арнайы қонақ — Benjamin Skepper (Мельбурн, Австралия) өзінің перфомансын ұсынады. Benjamin Skepper заманауи технологиялар мен ғылыми инновацияларды пайдалана отырып, эксперименттік музыкалық шығармаларды жаңа көркем тұрғыда жасайды.

Іс-шара ұйымдастырушылары: РМҰ «Қазақстан Республикасының ұлттық мұражайы», Рухани Жаңғыру Басқармасының офисі, Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт Министрлігі, Artios Art Advisory. Көрме кураторлары: Дина Байтасова, Әсел Ахметжанова.

Көрме 15 қыркүйек - 28 қазан аралығында TSE Art Destination галереясында Республика даңғылы, 33А мекен-жайында өтеді. Кіру тегін.

А. Оралқызы