Өнер туындысын түсі бойынша анықтайтын қосымша

Өнер туындысын түсі бойынша анықтайтын қосымша
Фото: vk.com

Google's Arts and Culture қосымшасында Art Pallet деп аталатын жаңа қызмет іске қосылды.

Компания оны дайындауға 7 жыл уақытын бөлген. Қызметтің жұмыс істеу принципі мынада: қосымшаны пайдаланушы адам таңдаған түстер палитрасы бойынша сол реңдегі өнер туындыларын ұсыну. Қызметтің дерекқоры әлемнің 1500-ден астам мәдениет мекемелерінен жиналған. Өзіңіздің суретіңізді жүктеп салған жағдайда бағдарлама ақпараттарды пикселдер арқылы анықтайды және оны түстер палитрасына түрлендіреді.

Компания LIFE журналымен бірлесе отырып журналдың сандық мұрағатын ұсынатын LIFE Tags қызметін іске қосты. 1936 жылдан 1972 жылға дейін шығарылған басылымға түсірілген 4 миллион фотосуретті жылы, орны, тегтері және басқа да сипаттамалары бойынша сұрыптауға болады.

А. Оралқызы